Accessibility links

Пәкістан америкалық әскерилердің кешірім сұрауын талап етті


Ресми Исламабад пәкістандық 35 адамның қазасына қатысты Вашингтонның кешірім сұрауын талап етті. Олардың ажалы америкалық өздігінен ұшатын ұшақтан болған деген болжам бар.

Оқиға Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасындағы Солтүстік Вазиристан ауданында, "әл-Қаида" мен талибтерге қарсы жүргізілген әскери операция барысында болған.

Бейсенбі күні Пәкістан арнайы қызметі қаза болғандардың көпшілігі – діни экстремистер деп хабарлаған еді. Кейін билік орындары әуеден соққы берілген кезде ғимаратта ақсақалдар кеңесіп отырғанын айтып мәлімдеме таратты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG