Accessibility links

Йемен күштері шерушілерге қарсы оқ атты


Йемен күштері Сана қаласындағы үкіметке қарсы шерушілерге оқ атып, көптеген адамды өлтіріп, жаралады.

Дәрігерлер мен куәгерлердің айтуынша, кемінде 30 адам қаза тауып, 100-ге жуық адам жарақат алған. Қауіпсіздік күштері жұма намазынан шыққан адамдардың шеру өткізуіне кедергі жасамақшы болып оқ атқан.

Йемендегі наразылық танытушылар бір айдан астам уақыттан бері елді 32 жылдан бері басқарып отырған президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етіп келеді.

Шерушілер Тунис пен Египеттің диктаторлық басшыларын биліктен құлатқан толқулардан жігерленгендерін айтады.
XS
SM
MD
LG