Accessibility links

БҰҰ қарарынан кейін Ливия атысты доғаратынын мәлімдеді


Ливия халықты қорғау мақсатында және БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына мойынсұну үшін елдегі барлық әскери әрекеттерді доғаратынын жариялады.

Жұма күні Ливия сыртқы істер министрі Мусса Кусса Триполиде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Муаммар Каддафидің режимі атыс пен барлық әскери операцияларды тез арада тоқтату жөнінде шешім шығарды деп мәлімдеді.

Ал Батыс елдері мен НАТО Ливияға қатысты халықаралық қарарды жүзеге асыру үшін бүгін төтенше жиын өткізді. Бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливияның әуе кеңістігі арқылы ұшуға шектеу енгізу туралы қарарды мақұлдады. Франция мен Ұлыбритания әзірлеп ұсынған қарарда Ливия азаматтарын Муаммар Каддафи күштерінің әуеден соққы беруінен қорғау үшін оккупациядан басқа "қажетті шаралардың барлығы" жасалатындығы айтылған.
XS
SM
MD
LG