Accessibility links

Атамбаев: Қырғызстан өзінің газ компаниясын "Газпромға" сатуға әзір


Қырғызстан өзінің ұлттық газ компаниясының 75 пайыздық үлесін Ресейдің "Газпромына" сатуға әзір. Бұл туралы қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаевқа сілтеме жасай отырып, "РИА Новости" ақпарат агенттігі хабарлады. Мәскеудің сыртында ресейлік әріптесі Владимир Путинмен кездесуі барысында Атамбаев біз "Газпромға" "Қырғызгаздың" 75 пайызын сатуға дайынбыз деген.

Ресейдің "Коммерсант" газетінің мәліметінше, қырғыз билігі осы жылғы сайлаудың алдында әлеуметтік проблемалардың алдын-алу үшін экономикалық көмекке мұқтаж болып отыр.

Қазан айында Қырғызстанда президент сайлауы өтеді.
XS
SM
MD
LG