Accessibility links

Египетте референдум өтіп жатыр


Бүгін Египетте конституциялық өзгерістер туралы референдум өтіп жатыр.
Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілгеннен кейін елді басқарып отырған әскери кеңес дауыс берушілерді белсенділік танытуға шақырды. Әскери кеңестің мәлімдеуінше, референдумның басты мақсаты - осы жылы елде жаңа парламенттік және президенттік сайлау өткізуге саяси жағдай жасау.

Египеттегі ықпалды қозғалыстардың бірі "Мұсылман бауырлар" конституциялық реформаларға қолдау білдірді. Демократиялық қозғалыстардың қолдаушылары, оның ішінде Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мохаммад әл-Барадей египеттіктерді референдумда "жоқ" деп жауап беруге шақырды, себебі олардың пікірінше, ұсынылып отырған конституциялық толықтырулар елдің саяси жүйесін реформалау үшін жеткілікті емес. Олар жаңа конституция қабылдануы тиіс дейді.
XS
SM
MD
LG