Accessibility links

Беларусь оппозициясының өкілі Чехиядан саяси баспана сұрады


Беларусьте президент сайлауына түскен оппозициялық үміткер Алес Михалевич елден қашып, Чехиядан саяси баспана сұрады. Чехия сыртқы істер министрлігі мұны растады.

Дүйсенбі күні Михалевич өзінің блогында билік орындарының тыйымына қарамастан Беларусьтен кеткендігін жазған болатын. Желтоқсан айында даулы президент сайлауына наразылық білдірген бірқатар оппозициялық кандидаттар мен олардың жүздеген қолдаушысы қамауға алынған-ды. Михалевичтің айтуынша, Беларусь түрмесінде оны қинап азаптаған.

Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Беларусьте азаматтардың саяси себептермен тұтқындалып, сотқа тартылып жатқандығын айыптады.
XS
SM
MD
LG