Accessibility links

АҚШ Бахрейнде оппозициялық тұлғалардың тұтқындалуына алаңдаулы


АҚШ Бахрейнде оппозиция жетекшілері мен тағы басқа адамдардың қамауға алынуына байланысты алаңдаушылық танытты. Мемлекеттік департамент Бахрейн үкіметін сот ісі қаралауының ашық болуын қамтамасыз етуге және қауіпсіздік күштерін зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

Вашингтонның маңызды одақтасы Бахрейнде АҚШ-тың бесінші флоты орналасқан. Суниттер басқаратын бұл елде қауіпсіздік күштері осы аптада шииттердің наразылық шерулерін күшпен таратты.

Жұма күні Иран мен Ирақта шииттер Бахрейндегі наразылық танытушыларды қолдап шеру өткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG