Accessibility links

БҰҰ мен АҚШ Сирия билігін сынады


БҰҰ мен АҚШ наразылық танытушыларды күшпен таратқаны үшін Сирия билігін сынады.

Жұма күні Сирияның оңтүстігіндегі Дара қаласында қауіпсіздік күштері саяси бостандықты талап еткен шерушілерді қуып тарату үшін оқ атты. Зорлық-зомбылықтан кемінде төрт адам қаза болды деп хабарланды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Сирия үкіметін сынап, зорлық-зомбылықтың алдын алуға шақырды. Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдеуінше, Обама әкімшілігі Сириядағы зорлық-зомбылықты айыптап, билік орындарын бейбіт шеру өткізуге мүмкіндік беруге шақырды.
XS
SM
MD
LG