Accessibility links

Жапонияда апат құрбандарының саны 8 мыңға жетті


Жапония билігі елді талқандап кеткен жерсілкінісі мен цунамиден қаза тапқандардың ресми саны 8 мың 133 болғанын айтты. Тағы 12 мың адам хабарсыз кеткендер тізімінде қалды.

Адам шығынына қатысты соңғы ақпарат елдегі ядролық мамандар табиғат апатынан бұзылған Фукусима атом стансасындағы жағдайды тұрақтандыруға тырысып жатқанда болды.

Бұл тұста Жапонияның азық-түлігі мен суынан радиация деңгейі анықталып жатқаны туралы мәліметтер шықты. Бүгін Тайвань елі Жапониядан жұма күні әкелінген бұршақтардан радиоактивті заттар табылғанын хабарлады.

Мамандар ядролық кешендегі қысымды азайту үшін тағы біраз радиация жіберілуі мүмкін екенін айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG