Жексенбі күні Йемен астанасына жиналған жұрт Санаадағы шерулер кезінде оққа ұшқан белсенділерін жерледі.
Қауіпсіздік шараларының күшейтілгеніне қарамастан, қалың жұрт Санаа университеті маңына кемінде 28 адамның мәйітін қойып қоштасты.
Бұл жерде бір айдан аса уақыт билікке қарсы шерулер өтіп, президент Али Абдулла Салехтың орнынан кетуін талап еткен. Салех өзінің президенттік мерзімі аяқталатын 2013 жылға дейін орнынан кетпейтінін айтты.
Йемен жетекшісі жексенбі күнді "аза тұту" күні деп жариялап, қаза тапқандарды «демократия үшін құрбан болғандар» деді. Бірақ оппозицияны елде бейберекет жағдай орнатып, адам шығынына әкелді деп айыптады.