Accessibility links

АҚШ қорғаныс хатшысы Ресейге барды


АҚШ қорғаныс хатшысы ретінде соңғы сапарымен дүйсенбі күні Ресейге барған Роберт Гейтс Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынастардың соңғы жылдары ерекше дамығанын мадақтады. Ол бұл мәлімдемесін тілшілерге Санкт-Петербург қаласына келгенде айтты.

Осы жазда зейнетке шығатын Гейтстің айтуынша, Ресейдің Ауғанстан соғысындағы АҚШ бастаған күштермен ынтымақтастығы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі Солтүстік Корея мен Иранға қатысты қарарларға Мәскеудің қолдауы - АҚШ пен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түскенін көрсетеді.

Сонымен қоса, Гейтс өткен аптада Қауіпсіздік кеңесінің Ливияға қатысты қарарына дауыс беруде Ресейдің қарсы болмай қалыс қалғанын да атап өтті.

АҚШ қорғаныс хатшысы Ресей жетекшілерімен келіссөздер өткізіп, Ресей теңіз күштері академиясының офицерлерімен кездеседі.
XS
SM
MD
LG