Accessibility links

Қазақстанда наурыз мерекесі басталды


Алматыда мерекелік шараның алғашқы күні Астана алаңынан басталды. Жиналғандар наурыз көжеден дәм татып, концерт тамашалады, арқан тарту, қол күрестіру сияқы ұлттық ойындарды қызықтап, жастар «Қара жорға» биін билеп, алтыбақан тепті.

Алаңға тігілген киіз үйлерде қыз ұзату, бесікке бөлеу тәрізді салт-дәстүрлерге байланысты қойылымдар қойылды.

Алаңға атбегілер асыл тұқымды аттарын алып келді, бүркітшілер баптаған бүркіттерін көрсетті.

Қазақстанда наурыз мерекесі үш күн тойланады.
XS
SM
MD
LG