Accessibility links

Жапония азық-түлігіне тараған радиация күші тым жоғары болып тұр


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, Жапонияның азық-түлігіне жайылған радиация бұрын болжағаннан да қауіпті болып отыр.

Бұл ескерту қуатты зілзала мен цунамиден бұзылған "Фукусима" АЭС-дағы алты реактор жұмысы қалпына келе бастағанда айтылып отыр.

"Фукусима-Дайичи" атом электр станциясының үшінші реакторының үстін сұр бұлт басқан соң жұмысшылар ядролық кешен аумағынан шығарылды. Токио электр қуаты компаниясының өкілі үшінші реактордағы проблеманың қайдан шыққаны тексеріліп жатыр деді.

"Фукусиманың" қалған бес реакторы байытылған уран отынымен жұмыс істесе, бұл үшінші реактор көбірек қауіпті плутоний отынын пайдаланады.

АЭС-тің ресми өкілдері жерсілкінісі мен цунамиден бұзылған реакторларды салқындатуға тырысып, радиацияның шығуын бақылауда ұстауға күш салып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG