Ресей премьер-министрі Владимир Путин бүгін Словенияға барады. Ол Люблянада Словения жетекшілерімен кездесіп, энергетикалық мәселелерді талқылайды.
Сыртқы саясат мәселелеріне жауапты үкімет қызметкерлері басшысының орынбасары Юрий Ушаковтың айтуынша, Люблянада 10-ға жуық құжатқа қол қойылады. Сонымен қатар Оңтүстік ағым газ құбырының словениялық бөлігімен айналысатын бірлескен компания құру жөнінде келісімге қол қойылмақ.
Аталмыш жобаға қатысты үкіметаралық келісімдер Болгария, Сербия, Венгрия, Грекия, Словения, Хорватия және Австрия елдерімен жасалған болатын.