Accessibility links

Украина Израиль елшісін шақыртып алды


Украина сыртқы істер министрлігі елде палестиналық инженердің жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты Израиль елшісін шақыртып алды. Палестиналық азаматтың отбасы оның хабар-ошарсыз кетуіне Израильдің "Моссад" құпия қызметінің қатысы бар деп айыптады.

Министрлік елшімен кездесу туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермеді. Израиль билігі "Хамас" тобына мүше деп айыпталған 42 жастағы палестиналық инженер Дирар Абу Сисиден Израильде жауап алынғандығын растады. Абу Сиси ақпан айында Киев-Харьков бағытындағы пойызда беймәлім жағдайда жоғалып кеткен.

Инженердің украиналық әйелінің айтуынша, оның күйеуін өздерін Украина құпия қызметінің өкілдері ретінде таныстырған екі адам пойыздан алып шығып кеткен.
XS
SM
MD
LG