Accessibility links

Назарбаев ЕҚЫҰ өкілімен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының басшысы Даан Эвертспен кездесті.

Сәрсенбі күні Астанадағы кездесу барысында Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты мәселелер талқыланды.

«Бұл маңызды кездесу болды. Мен Президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Біздің миссиямыздың міндеті - Қазақстандағы сайлау жүйесін жақсарту және сайлауды өткізу тәжірибесін бақылау", - деген Эвертс. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда президент сайлауы сәуірдің 3-де өтеді.
XS
SM
MD
LG