Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер Қандағардағы әскери базаға шабуыл жасады


АҚШ әскерилері Қанадағар маңындағы операция кезінде. (Көрнекі сурет)
АҚШ әскерилері Қанадағар маңындағы операция кезінде. (Көрнекі сурет)
Ауғанстанның оңтүстігіндегі Қандағар қаласында АҚШ әскери-азаматтық базасына шабуыл жасалды. Онда әскери қызметшілермен қатар азаматтық мамандық иелері де жұмыс істейтін.

Оқиға болған келіп түскен хабарларға қарағанда, база орналасқан жақтан атыс пен жарылыс естілген. Азаттық радиосы тілшісі ұрыс болып жатқан тұста әуеде НАТО күштерінің тікұшақтары ұшып жүргенін хабарлады. Ол аймақ қоршауға алынған.

Бұл шабуыл үшін жауапкершілікті тәліптер өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG