Accessibility links

Қазақстанда күші төрт балдық жер сілкінісі тіркелді


Бейсенбіге қараған түні Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы аумағында күші төрт балдық жер сілкінісі болған. Бұл туралы ақпарат Еуропалық сейсмологиялық орталықтың сайтында жарияланды.

Орталық деректері бойынша, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 02.19-да тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігі Бшкектен солтүстік-шығысқа 33 шақырым және Қант қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде болғаны хабарланып отыр.

Қырғызстан ғылым академиясы сейсмология институындағылардың айтуынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы хабар түспеген деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG