Accessibility links

Пәкістанда жанкешті жасаған жарылыстан 5 адам опат болды


Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында жанкешті жасаған жарылыстан кемінде бес кісі қаза болып, жиырмадан аса адам жараланған.

Жергілікті құқық органдарының өкілдері өлімге басын тіккен жанкешті полиция бөлімшесін жармақшы болған деп санайды. Олардың айтуынша, жарылыстан қаза тапқандардың біреуі офицер, ал төртеуі - қарапайым адамдар.

Жарылыс болған Хангу округі Ауғанстанмен шекаралас аймақта орналасқан.
XS
SM
MD
LG