Accessibility links

Астанада хиджаб үшін аштық жариялап жатқандар наразылық шарасын тоқтатты


Бүгін Азаттық тілшісіне телефон арқылы Астанадан хабарласқан Уәлид Нечаев пен Бейсенбай Әміржан наразылық акциясын доғаратындарын мәлімдеді.

«Биліктегілер біздің талабымызға құлақ аспақ түгілі біз жатқан жерге жолаған да жоқ. Денсаулығымызды тексеруге келген дәрігерлер ақыл-есіміздің дұрыстығына шүбәланатын кейіп танытты. Біз Алланың алдындағы міндетімізді атқардық, енді аштықты доғарып үйімізге – Екібастұзға қайтамыз», – деді аштық жариялағандардың бірі Бейсенбай Әміржан Азаттық тілшісіне.

Бұлар Қазақстанда көпшілік орындарда мұсылман әйелдердің хиджаб киіп жүруіне тыйым салмауды талап етіп наурыздың 11-нен бері Астанадағы кедейлер тұратын аудандардың біріндегі жеке меншік үйде аштық жариялаған еді.

Ол екеуі мұндай қадамға Астана билігі жергілікті мұсылмандарға білім министрлігінің алдында наразылық акциясын өткізуге рұқсат бермей, қаланың шалғайындағы бір жерді ұсынған соң барғандарын айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG