Accessibility links

Алматыда жатақхана тұрғындары талаптары орындалмаса сайлауға бармайтындарын ескертті


Бейсенбі күні Алматыдағы қазақ экономика университетінің бұрынғы отбасылық жатақханасының тұрғындары оқу орнының әкімшілігі өздерін жатақханадан шығармақ болып жатқанына наразылық білдіріп, тұрып жатқан баспанадан қозғамауды талап етіп, жатақхана алдына жиналды. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

Университеттің шаруашылық басқармасының бастығы Асхат Бағжанов тұрғындардың талабын заңсыз деп бағалады.

– Тұрғындарды бұл жатақханадан шығару туралы сот шешімі 2005 жылы шығып қойған. Ал олар болса, басқа баратын жерін сылтау етіп жатақхананы босатудан үзілді-кесілді бас тартып отыр, – дейді ол.

Ол бұл жатақхананың университет меншігіндегі мүлік екенін айтады. Ал тұрғындар өздерін бұл жатақханадан шығаратын болса, сәуірдің 3-і күні болатын кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруге бармайтындарын ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG