Accessibility links

Беларусь соты екі оппозициялық белсендіні қамады


Беларусьтегі сот екі оппозициялық белсендіні бұзақылық жасады деген айыппен түрмеге жапты.

Бейсенбі күні Змицер Дашкевич екі жылға бас бостандығынан айырылды, ал Эдуард Лобау төрт жылға қамалды. Оларға желтоқсан айындағы даулы сайлаудан екі күн бұрын Минскіде екі адамды соққыға жықты деген айып тағылды. Сыншылардың айтуынша, оппозициялық белсенділердің сотталуының саяси астары бар.
XS
SM
MD
LG