Accessibility links

Брюссельде Еуропа Одағы саммиті басталды


Еуропа Одағына мүше елдердің жетекшілері экономикалық саясатқа қатысты екікүндік саммит өткізу үшін бүгін Брюссельде жиналып жатыр. Басқосуда евро валютасын пайдаланатын 17 мемлекет үшін экономикалық саясатты жақсарту мәселесі талқылануы тиіс болатын.

Бұл уақытта Португалия премьер-министрі Жозе Сократеш қызметінен бас тартып отыр. Оның отставкаға кетуіне Лиссабондағы парламенттің бюджет қаржысын үнемдеу туралы үкімет ұсынысын қабылдамауы себеп болды.

Португалияда күрделі қаржы жағдайы қалыптасып отыр. Сарапшылар Грекия мен Ирландия сияқты Португалия да Еуропа одағынан жәрдем сұрауға мәжбүр болуы мүмкін деген болжам айтады. Алайда бюджет шығынын қысқартпайынша ондай жәрдемнің берілуі екіталай дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG