Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросы миссиясының сайлау процессі барысында тапқан кемшіліктермен келіспейді. Бұл туралы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос бейсенбі күнгі отырыста мәлімдеді.
Оның айтуынша, кейбір тұстар мен қорытындылар аталмыш миссия тарапынан нақты факт негізінде, сайлау заңдары мен халықаралық құжаттарға сілтемелер арқылы қосымша түрде анықталып, расталуы тиіс.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының миссиясы есебін жариялап, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы алдындағы бірқатар кемшіліктерді атап өткен болатын.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-інде өтеді.