Accessibility links

Адам құқығы жөніндегі уәкіл азаптау туралы шағымдардың азайғанын айтады


Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Асқар Шәкіров, бүгін Астанада журналистерге берген сұқбатында, былтыр Қазақстанда азаптауға қатысты азаматтардан алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе аз шағым түскенін айтты.

«Егер 2009 жылы ондай шағымдар 4,9 пайыз болса, былтыр азаптау және ар-намысты кемсітетін өзге де іс-әрекеттерге қатысты шағымдар іс жүзінде 2,4 пайызға дейін азайды», - деді Асқар Шәкіров.

Оның айтуынша, азаптауға қатысты жалпы ахуал «жақсарған деуге тұрарлық, бірақ әзірге жағдайды мінсіз деп айтуға келмейді».
XS
SM
MD
LG