Accessibility links

"Амнести интернэшнл": Солтүстік Кореяда еңбек лагерьлерінде 200 мың тұтқын отыр


"Амнести интернэшнл" халықаралық құқық қорғау ұйымының бүгін жарияланған есебінде Солтүстік Кореяда 200 мың адам еңбек лагерінде отыр деп айтылған.

Халықаралық ұйымның бұл есебі жасанды жер серігінің көмегімен түсірілген және бұрын Солтүстік Кореядағы лагерьлерде жазасын өтегендер мен күзет қызметінде істеп, кейін ол елден қашып шыққандар берген деректердің негізінде әзірленген.

Құқық қорғаушылардың мәліметтері бойынша, соңғы онжылдықта Солтүстік Кореяда лагерьлер көлемі мен онда құлдық жағдайда отырған тұтқындар саны ұлғая түскен.
XS
SM
MD
LG