Accessibility links

Израиль премьері "Фатх" пен ХАМАС келісімін "бейбітшілікке соққы" деп бағалады


Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Фатх" пен ХАМАС топтары жасаған келісімді израильдықтар мен палестиналықтар арасындағы ахуалды бейбіт жолмен реттеу ісіне "ойсырата берілген соққы" деп бағалады.

"Құрамына еврейлер мемлекетінің болғанын қаламайтын адамдар енген үкіметпен Израиль келіссөздер жүргізбейді" деп мәлімдеді Нетаньяху Лондонға сапары кезінде. Дәл осындай бағыт ұстанатын ХАМАС тобын АҚШ және бірқатар мемлекеттер террористік ұйымдар санатына жатқызады.

Сәрсенбі күні Египет астанасы Каирде палестиналық "Фатх" пен ХАМАС фракциялары арасындағы келісімге қол қою рәсімі өткен еді. Оған Палестина автономиясының басшысы әрі "Фатх" жетекшісі Махмуд Аббас пен ХАМАС көсемі Халед Машааль қатысты.
XS
SM
MD
LG