Accessibility links

Әзербайжанда Facebook белсендісі қамалды


Бүгін Әзербайжанда оппозициялық белсенді екі жарым жылға сотталды.

Ақпан айында тұтқындалған 20 жастағы Жаббар Саваланға "есірткі тасымалдады" деген айып тағылды. Оның алдында Савалан интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісінде Таяу Шығыстағы жаппай наразылық шаралары сияқты шерулер өткізуге шақырған болатын.

Әзербайжан халықтық майданы партиясының қолдаушысы Савалан Таяу Шығыстағы толқулар Әзербайжан үкіметін алаңдатқандықтан өзінің қамауға алынғанын айтып отыр.

Amnesty International құқық қорғау ұйымы Әзербайжан билігін "интернет белсенділерін қудалап жатыр" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG