Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан соңғы ардагер Клод Стэнли Чоулс 110 жасында Австралияның Пент қаласындағы қарттар үйінде дүние салды деп хабарлады Би-би-си.
Ұлыбританияда туып-өскен Клод Стэнли Чоулс 15 жасынан бастап британ королі әскери-теңіз күштерінің қатарында қызмет атқарған.
Чоулс 1920-жылдардың ортасында Австралияға қоныс аударып, сол елде отыз жылдан астам уақыт әскери қызметте болған. Осыдан үш жыл бұрын қайтыс болған әйелі Этель екеуі 80 жылдай отасып, 3 бала, 11 немере сүйген.