Accessibility links

Беларусь президенттігінен бұрынғы үміткерлерге қатысты сот басталды


Бүгін Минскіде Беларусь президенттігінен бұрынғы үміткерлерге қатысты сот өтіп жатыр.

Сотқа тартылған Владимир Некляев пен Виталий Рымашевскийге "желтоқсан айындағы даулы сайлаудан кейін жаппай шерулер ұйымдастырды" деген айып тағылған.

Желтоқсанның 19-де президент Александр Лукашенко төртінші мерзімге қайта сайланған соң оппозиция қолдаушылары шерулер өткізген болатын. Наразылық шарасынан кейін жүздеген адам, оның ішінде президенттіктен үміткер болған 7 азамат тұтқындалды. Осы уақытқа дейін бірнеше оппозиция белсендісі шеру ұйымдастырғаны үшін 2-4 жылға бас бостандығынан айырылды.
XS
SM
MD
LG