Accessibility links

Сирияда үкіметке қарсы шерулер жалғасуы мүмкін


Сирия билігі жұма намазынан кейін үкіметке қарсы шерулер өтуі мүмкін деп қауіптеніп, қалалық орталықтарға қауіпсіздік күштерін орналастырды.

Хабарларға қарағанда, куәгерлер бұдан бұрын наразылық шарасы өткен Баниас пен басқа да қалаларға әскерилердің жиналып жатқанын айтқан.

Сонымен қатар Дамаскінің шетіндегі ауылдарда қауіпсіздік күштері 200-ден астам адамды тұтқындаған.

Бейсенбі күні Сирия армиясы үкіметке қарсы шерулер басталған Дераа қаласынан сарбаздарын шығара бастағанын хабарлаған еді. Алайда тұрғындардың айтуынша, қалада танктер мен әскерилер әлі де бар.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, президент Башар әл-Асадтың режиміне қарсы шерулер басталғалы бері Сирияда қауіпсіздік күштері 560-тан астам адамды өлтіріп, мыңдаған адамды жаралаған.
XS
SM
MD
LG