Accessibility links

Мүшарраф АҚШ-тың Пәкістандағы операциясын сынады


Сенбі күні Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мүшарраф АҚШ-тың Усама бин Ладенді өлтірген операциясы Пәкістанның егемендігіне нұқсан келтірді деп мәлімдеді.

Пәкістанның бұрынғы әскери басшылығының жетекшісі Мүшарраф бұл туралы Дубайда пәкістандықтармен өткен кездесуінде айтты. Ол бейбіт өмірді қалайтын барлық адам бин Ладеннің өлімі үшін қуанған болар, бірақ ешбір пәкістандық өз елінің егемдендігі бұзылғанын қабылдамайды деді.

Десе де Мүшарраф Пәкістан мен АҚШ терроризмді құрту үшін бірге жұмыс жасай беруі тиіс деген.

АҚШ-тың Усама бин Ладенге қарсы операциясының өтетінін Пәкістан билігінің алдын ала білмеуі енді екі елдің қарым-қатынасына кері салдарын тигізіп отыр.

Жұма күні бұған қатысты Пәкістанда бірқатар наразылық шаралары өтті.
XS
SM
MD
LG