Accessibility links

Египетте шіркеуге өрт қойылып, 6 адам қаза тапты


Каир қаласындағы азшылық христиандар мен мұсылмандар қақтығысы кезінде шіркеуге өрт қойылып, кемінде 6 адам қаза болды.

Сенбі күнгі қақтығыс жергілікті мұсылмандар шіркеуге барып, христиан дініне өткен әйелді талап еткен соң басталған.

Имбаба ауданында болған қақтығыста екі тараптан да оқ атылған, полиция оларды тарқату үшін көзден жас ағызатын газ қолданды.

Египетте діни жікшілдер қақтығысы күшейіп, ақпан айында президент Хосни Мүбәрәк биліктен кетірілгеннен бері елде тұрақсыздық орнап тұр.
XS
SM
MD
LG