Accessibility links

АҚШ: бин Ладеннің әл-Қаидаға нұсқауы Пәкістандағы үйінен беріліп отырған


АҚШ-тың ресми өкілдері Усама бин Ладен әл-Қаиданың террорлық операцияларын Пәкістандағы мекенінен бақылап отырған деді. Оған өткен дүйсенбіде бин Ладеннің Абботабадтағы үйінен табылған дәйектер дәлел бола алады деді олар.

АҚШ арнайы күштері өткен дүйсенбіде бин Ладенді өлтірген соң, оның үйінен табылған заттар әл-Қаиданың бақылау орталығы Пәкістанда болғанын көрсетті. Осылай деп мәлімдеген АҚШ билігі бин Ладеннің үйінен табылған видеожазбаны жариялады. Онда бин Ладеннің теледидар қарап, өз жақтастарына видеомен үгіт-насихат жолдап отырғаны көрсетілген.

АҚШ әскері бин Ладеннің Пәкістандағы мекенінен бірқатар құжаттар мен телефон нөмірлерін де тапқан.
XS
SM
MD
LG