Accessibility links

Бахрейн елдегі билікті құлатпақ болды деп 21 адамға айып тақты


Бахрейннің әскери прокуратурасы елдегі монархиялық билікті құлатпақ болды деп 21 саяси белсендіні айыптады.

Ассошейтед пресс агенттігінің жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлауынша, қазір олардың істері арнайы құрылған қауіпсіздік сотының қарауына жіберілген.

Хабарларға қарағанда, қамауда отырған 14 адамның ішінде шийт мұсылмандарының белгілі саясаткерлері де бар. Қалған жеті адамға айып сырттай тағылып отыр.

Ақпан айында Бахрейнде сүннит монархиялық билігіне қарсы басталған наразылық шерулерінен кейін шийт мұсылмандары шетінен қамала бастады.
XS
SM
MD
LG