Accessibility links

Каддафи күштері Мисратаны қоршап алды


Ливияның көтерілісшілері Муаммар Каддафи жасақтары Мисрата қаласын қоршап алып, танкілердің жанармай қоймасын басып алды деп хабарлады.
Бұл қала Ливия оппозицияның бақылауында болған соңғы қала болған.

Хабарларға қарағанда, жанармай қорларын талқандау отын тапшылығын тудырып, Каддафи күштерінің қаланы қайтарып алуына әкелуі мүмкін.
Ливия көтерілісшілері өздерін қаруландыруға Италия келісті деген мәлімдемелерін теріске шығарып, ешбір ел қару беріп отырған жоқ деді.

Каддафи режиміне қарсы одақтас елдер өткен аптада Ливиялық көтерілісшілерге әскери емес миллиондаған доллар қаржылай көмек беруге келіскен.

Көтерілісшілерді қолдаған НАТО әуе шабуылдары Каддафидің әскери нысандарына соққы беріп, Ливияның бейбіт тұрғындарын қорғауды мақсат еткен.
XS
SM
MD
LG