Accessibility links

Стамбулда кедей елдер саммиті басталды


Стамбулда ең нашар дамыған елдердің жетекшілері саммитке жиналды.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун дүйсенбі күні басқосудың ашылуында сөйлеген сөзінде кедей мемлекеттер азық-түлік қауіпсіздігінде жаңа дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп атап көрсетті.

Халықаралық саммитке Түркия президенті Абдулла Гүл төрағалық етеді. Бұл шараға Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозу қатысып отыр.

Саммит барысында әлемдегі ең кедей 48 елдің, оның ішінде Африка мен Азия мемлекеттерінің он жылдық даму жоспары талқыланады.

XS
SM
MD
LG