Accessibility links

"Талибан" кепілдікте отырған канадалықтың видеосын жариялады


Ауғанстанда "Талибанның" қолында отырған Канада азаматының видеосы жарық көрді.

"Талибан" ол азамат өз соттарында жауапқа тартылуы мүмкін деді. Олардың айтуынша, Ғазни провинциясының орталығынан ұсталған канадалық Колин Рутерфордқа тыңшылық жасады деген айып тағылған.

Оттава 26 жастағы Рутерфорд Ауғанстанға турист ретінде барған дейді.

"Талибан" жариялаған видеода өзін Рутерфорд деп атаған жігіт тергеушілердің сұрағына жауап беріп отырды.
XS
SM
MD
LG