Accessibility links

Хорватияның экс-премьері Австриядан экстрадициялануы мүмкін


Австрия соты Хорватияның коррупциялық айыптар бойынша іздеудегі бұрынғы премьер-министрі Иво Санадер еліне экстрадициялануы мүмкін деді.

Зальцбургтегі аймақтық сот Санадердің қорғаушылары сот шешіміне қарсы апелляциялық шағымынан кейін әлі де қамауда отыр деді. Иво Санадер Австрияда желтоқсан айында ұсталған.

Хорватия прокурорлары Санадерді 2003-2009 жылдар аралығында үкіметті басқарған кезде өзінің Хорватия демократиялық одағына ақша бөліп отырған деп айыптады.

Еуропа Одағы Хорватияны 2012 жылы одаққа қосылу мақсатына жету үшін еліндегі сыбайлас жемқорлықпен көбірек күресуге шақырған.
XS
SM
MD
LG