Астанада Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.
Экс-министр Жақсылық Досқалиевке «қызмет бабын асыра пайдаланды» және жемқорлық әрекетіне барды деген айыптар тағылды. Бүгін Астананың қалалық сотындағы алғашқы тыңдаулар жабық есік жағдайында өтті. Айыпталушы Досқалиевті қорғайтын адвокаттың өзі журналистермен тілдесуге құлық танытпады.
Жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталған бұрынғы министр 2010 жылдың күзінде қамауға алынған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV