Accessibility links

Арнольд Шварценеггер мен әйелі ажыраспақ


АҚШ-тың танымал киножұлдызы, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер мен әйелі Мария Шрайвер ажырасатындарын жұртшылыққа жариялады.

Ұзақ ойланып-толғанғаннан кейін осындай шешімге келгендері 25 жыл отасқан ерлі-зайыптылардың атынан таратылған арнайы мәлімдемеде айтылған. Бірақ төрт баланы екеуінің бірге тәрбиелейтіндерін де атап өткен.

Жеті жыл бойы Калифорния штатын басқарған 63 жастағы Арнольд Шварценеггер биыл қаңтарда ол қызметтен кеткен еді.

Оның зайыбы - Мария Шрайвердің жасы 55-те, ол АҚШ-тың 35-президенті болған Джон Кеннедиге жиен. Мария Шрайвер ұзақ жылдар бойы тележурналист болған. Бірақ күйеуі губернатор болып сайланған соң журналистикадан қол үзген.
XS
SM
MD
LG