Accessibility links

Вашингтонда АҚШ-Қытай кездесуі аяқталды


2011 жылғы АҚШ-Қытай стратегиялық-экономикалық диалогына қатысушы екі ел үкіметінің мүшелері. Вашингтон, 9 мамыр 2011 жыл.
2011 жылғы АҚШ-Қытай стратегиялық-экономикалық диалогына қатысушы екі ел үкіметінің мүшелері. Вашингтон, 9 мамыр 2011 жыл.
Вашингтонда АҚШ пен Қытай өкілдерінің екі күндік кездесуі аяқталды. Екі ел арасындағы стратегиялық-экономикалық әріптестік мәселелеріне арналған кездесу нәтижесінде Қытай тарабы АҚШ жағының кейбір экономикалық ұсыныстарын қабылдауға келісті.

Атап айтқанда, Бейжің америкалық компаниялардың қытай үкіметінің тапсырысы үшін өткізілетін конкурстарға қатысудың шарттарын жеңілдетуге, сонымен бірге америкалық фирмалардың қытай нарығында жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызуға уәде етті.

Алайда Вашингтон Қытайдың ұлттық валютасы – юань бағамына қатысты Бейжіңнің ұстанымын өзгерте алмады. АҚШ жағы Қытай юаньнің бағамын әдейі төмендетіп отыр деп санайды.

Екі күндік кездесудің жабылуында сөйлеген АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон «екіжақты қатынастарда өзара сенім мен энергетика, қоршаған ортаны қорғау, сауда және қауіпсіздік салалары бойынша әріптестіктің кеңейіп келе жатқанын» атап өтті.
XS
SM
MD
LG