Accessibility links

«Майкрософт» компаниясы «Скайпты» сатып алады


«Майкрософт» eBay компаниясы мен өзге де инвесторлардан «Скайп» интернет-телефония қызметін 8,5 миллиард долларға сатып алатыны туралы келісімге қол жеткізгенін жариялады. Ол сомаға «Скайптың» берешек ақшасы да кірген.

Бұл «Майкрософт» компаниясының тарихындағы ең ірі сауда келісімі деп айтылып отыр.

Штаб-пәтері Люксембургте орналасқан «Скайп» компаниясының күллі әлем бойынша 660 миллионнан астам тіркелген тұтынушысы бар. Компания мобильдік және стационарлық телефондарға интернет арқылы байланыс орнатқаны үшін алынатын ақы есебінен кіріс табады.
XS
SM
MD
LG