Accessibility links

Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді


Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы бүгін таңертең Қазақстанның оңтүстігінде, Қытаймен шекаралас аймақта жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады.

Орталықтың ресми сайтында бүгін жергілікті уақытпен 10 сағат 36 минутта Қазақстанның Алматы облысындағы Жаркент қаласынан шығысқа қарай 85 шақырым жерде 3,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелгені туралы ақпарат жарияланды.

Жерасты дүмпулерінің кіндігі жеті шақырым тереңдікте болған.
XS
SM
MD
LG