Accessibility links

Минск соты оппозициялық тұлғалардың ісін қарап жатыр


Беларусь президенті Александр Лукашенконың тағы екі қарсыласы желтоқсандағы даулы сайлаудан кейінгі шерулерге байланысты сотқа тартылды.

Сайлауға үміткер ретінде түскен Николай Статкевич пен Дмитрий Уссқа "жаппай тәртіпсіздік әрекеттерін ұйымдастырды" деген айыптар тағылған. Егер олар айыпты деп танылса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Минск сотында тағы бірнеше оппозициялық тұлғаның ісі қаралып жатыр.

Сайлауда президент Александр Лукашенко төртінші рет бес жылдық мерзімге қайта сайланған болатын.
XS
SM
MD
LG