Accessibility links

Гренландияда Арктика кеңесінің отырысы өтеді


Гренландия жағалауы.
Гренландия жағалауы.
Бүгін Гренландиядағы Нуук қаласында Арктика мәселесіне арналған халықаралық кеңес жиыны өтеді.

Оған Канада, Ресей, Финляндия, Исландия, АҚШ, Швеция және Данияның сыртқы істер министрлері қатысады.

Осы кездесуде тарихта алғаш рет панарктикалық құжатқа қол қойылмақшы. Бұл келісімде Арктикада құтқару жұмыстарын жүргізудің жай-жапсары айтылған.

Сонымен бірге Арктиканың табиғи ресурстарын, негізінен мұнай-газ қорын игеру мәселесі де сөз болмақ.
XS
SM
MD
LG