Accessibility links

Испанияда жер сілкінісінен 10 адам құрбан болды


Испанияның оңтүстігіндегі Лорка және Тотана қалалары маңында сәрсенбі күні болған жер сілкінісі салдарынан кемінде 10 адам қаза болған деп хабарлады билік орындары.

Әуелі сағат 17.05 кезінде 4,5 магнитудалы жерасты дүмпулері тіркелген. Арада екі сағат өткенде, жергілікті уақытпен 18 сағат 47 минутта тағы қайталанған 5,2 магнитудалы жер сілкінісінен кейбір ғимараттар қирап қалған.

Екінші жер сілкінісінің кіндігі Лоркадан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырым жерде, он мың метр тереңдікте болған деп хабарлады Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы ресми сайты.
XS
SM
MD
LG