Ливия көтерілісшілері құрған Ұлттық өтпелі кеңесі жетекшілерінің бірі Махмұд Жибрил бүгін Вашингтонда АҚШ әкімшілігінің лауазымды тұлғаларымен кездеседі.
АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Том Донилонмен кездесуде Жибрил АҚШ-тың Ливия Ұлттық өтпелі кеңесін сол елдің заңды үкіметі ретінде тануы және көтерілісшілерге қаржылай жәрдем беруі туралы мәселелер көтермек.
Бұл туралы ол кездесу қарсаңында Бруклин институты зерттеу орталығында мәлімдеп, Муамар Каддафи режимін құлатқан соң Ливияның демократиялық дамуы жоспарымен де таныстырған болатын.
Бұған дейін АҚШ Ұлттық өтпелі кеңесті Ливия үкіметі деп ресми тануға әлі ерте деп мәлімдеген еді.