Accessibility links

Ресей Сирияның ішкі ісіне шетел араспауы тиіс деп ескертті


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия елінің ішкі ісіне шетелдіктер араласпауы тиіс дей келе, сириялық оппозицияны Ливия сценарийін қайталамауға шақырды.

Лавров бұл туралы Қазақстанға сапарында журналистерге айтып, Сириядағы диалог пен бітімгершілік процестері кейбір тараптардың өздеріне шетелдік қолдауды тарту қалауымен жасалып жатыр деді.

Мәскеу Ливиядағы Муаммар Каддафи күштерін нысанаға алған НАТО одақтастарының әуе шабуылдарын сынап келеді.
XS
SM
MD
LG