Accessibility links

Босния сербтері даулы референдумнан бас тартты


Еуропа Одағының сыртқы істер министрі мен Србска республикасының президенті Милорад Додик. Бания лука. 13 мамыр
Еуропа Одағының сыртқы істер министрі мен Србска республикасының президенті Милорад Додик. Бания лука. 13 мамыр
Боснияда саяси дағдарыс тудырған референдум өткізуден босниялық серб жетекшілері бас тартып отыр. Бұл туралы босниялық сербтер президенті Милорад Додик Бания-Лукада Еуропа одағының сыртқы істер министрі Кэтрин Эштонмен кездесуінде мәлімдеді.

Жұма күні Еуропа Одағының сыртқы істер министрі Кэтрин Эштон күтпеген жерден Боснияға барды. Србска республикасының президенті Эштонмен келіссөздердің нәтижесінде, референдум өткізбеу туралы шешімге келгендерін айтты. Бұл ел өткен жылғы қазан айындағы сайлаулардан бері үкімет жасақтай алмай келеді.

Босния бойынша халықаралық өкіл Валентин Инжконың айтуынша, бүгінде Босния үкімет құра алмай, тұрақсыздыққа қарай бет алып барады. Оның айтуынша, экономика тұралап, Србска республикасының сот құрылымдарына тікелей қауіп төніп тұр.
XS
SM
MD
LG